за последние 30 дней
Отзыв лля риксос
Осы отельде әйелім екеуіміздің демалысымыз өте керемет әрі ұмытылмас әсерге толы өтті! Риксос Ақтау өзінің жоғары сервисімен, тазалығымен және кең әрі әдемі аумағымен алғашқы күннен-ақ баурап алды. Территориясы өте таза, серуендеп жүруге өте ыңғайлы. Бассейндері, теңіз жағалауы және кешкі ойын-сауық бағдарламалары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тамақтарының сапасы бөлек әңгіме — алуан түрлі, теңіз өнімдері де, ет тағамдары мен тәттілері де өте дәмді болды. Бөлмелері кең, жайлы, күнделікті мұқият жиналып тұрады. Отельдегі атмосфера толықтай демалып, демалыстан ләззат алуға мүмкіндік береді. Бірақ осы демалысымыздың ерекше жайлы әрі алаңсыз өтуіне себепші болған — Назеркеге ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді! Назерке келген сәттен бастап бізді өте жылы қарсы алып, кез келген сұрағымызға тез арада көмектесіп отырды. Әйелім екеуіміздің әрбір өтінішімізді назардан тыс қалдырмай, ұсақ-түйек детальдардың өзіне көңіл бөлді. Осындай ашық жарқын, кішіпейіл, өз ісінің мамандарының арқасында осы отельге қайтадан айналып келгің келеді. Осындай деңгейдегі демалыс сыйлаған барша отель ұжымына және әсіресе Назеркеге үлкен рақмет! Келесі жолы міндетті түрде тағы ораламыз! Біз бұл отельді барлық достарымыз бен жақындарымызға ұсынамыз!
Оценка сервисов отеля автором
Advantages
Disadvantages
автору
Thank you !
{{? it.opinion.useful }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Thank you !
{{? it.opinion.thanks }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Вы действительно хотите удалить комментарий?