за последние 30 дней
Риксосқа деген алғысымыз
Rixos Actau қонақ үйінде демалып, өте керемет әсерлер алып қайттық! Қонақ үйге келген сәттен бастап кеткенге дейінгі ұйымдастыру деңгейі жоғары дәрежеде болды. Барлық қызметтер ойдағыдай ұйымдастырылған, териториясы тап-таза, табиғаты мен көрінісі көз тартады. Мейрамханадағы тағамдардың алуан түрлілігі мен дәмділігі көңілден шықты, әсіресе теңіз өнімдері мен балғын десерттер ерекше ұнады.
Демалысымыздың ең жарқын сәті кешкі концерттік бағдарлама болды! Музыкалық шоу, жарық эффектілері мен әртістердің өнері жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Керемет атмосфераның арқасында кеш бойы демалып, билеп, ұмытылмас көңіл-күйге бөлендік. Балалар мен ересектерге арналған ойын-сауықтардың көптігі де ұнады, күн сайын түрлі қызықты шаралар өтіп турды. SPA аймағы мен бассейндегі демалыс та өте жайлы болды.
Бөлек алғысымды қонақ үй персоналына білдіргім келеді. Барлық қызметкерлер өте сыпайы, ашық-жарқын әрі көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Әсіресе Назерке есімді қызметкердің еңбегін ерекше атап өткім келеді! Оның жоғары кәсібилігі, әрбір қонаққа деген ыстық ықыласы мен назары біздің демалысымызды одан әрі жайлы етті. Назерке сияқты өз ісінің шеберлерінің арқасында Rixos Actau-ға қайтадан оралғың келеді.
Осындай жоғары деңгейдегі қызмет пен ұмытылмас демалыс үшін барша ұжымға үлкен рақмет! Бұл орынды барлық жақындарыма, достарыма шын жүректен ұсынамын.
Оценка сервисов отеля автором
Advantages
Disadvantages
автору
Thank you !
{{? it.opinion.useful }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Thank you !
{{? it.opinion.thanks }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Вы действительно хотите удалить комментарий?