• Information channels
  • Notifications feed
  • Trip Plan
No status
6 +6 Прирост читательского охвата
за последние 30 дней
Readership
0 comments
Vacation as a couple in October 2026
23.10.26 - 24.10.26
- Recommend this hotel
5
  • 5 accommodation
  • 5 service
  • 5 food
Correct review
Affects the hotel's rating

rixos жайлылык пен конакжайлык мекены

Translate

Rixos-та екеуміз болып демалып қайттық, шынымызды айтсақ, бәрі күшті өтті! Қонақүйдің атмосферасы бірден ұнады, іші әдемі, таза, бөлмелері жайлы, жалпы өзіңді үйдегідей еркін сезінесің. Демалысқа келгеннен кейін артық ештеңе ойламай, жай ғана рахаттанып жатқың келеді ғой, бізде дәл солай болды. Қызметкерлердің бәрі жылы сөйлейді, бір нәрсе сұрасаң, қабақ шытпай көмектеседі. Таңғы астары да ұнады, таңдау жеткілікті, бәрі дәмді, аш қалмайсың. Қысқасы, демалысымыздың әр күні жақсы көңіл күймен өтті.

Бөлек атап өткіміз келетіні – Guest Relations қызметкері Назерке. Өте жақсы адам екен! Алғашқы сөйлескеннен-ақ өзіне деген жақсы әсер қалдырды. Әрдайым күлімдеп жүреді, бізбен еркін сөйлесіп, барлық сұрағымызға көмектесіп отырды. Ешқандай жасандылық жоқ, бәрі шын көңілмен жасалғаны байқалады. Осындай адаммен сөйлескеннің өзі көңіл көтереді. Назерке, саған үлкен рақмет! Еңбегің бағалансын, әрдайым осындай позитивті болып жүр!

Жалпы, екеумізге де Rixos қатты ұнады. Бірге уақыт өткізуге, демалып, күнделікті тіршіліктен аздап алыстауға таптырмайтын жер екен. Кететін кезде тағы біраз қалғымыз келіп тұрды. Осындай жақсы әсер сыйлаған бүкіл ұжымға рақмет! Тағы келеміз деген ойымыз бар, тіпті келесі демалысты да осында өткізсек артық болмайды. Бізден толық рекомендация!

  • сотрудниктер сыпайы
  • номерлер тазалыгы и комфорт
  • завтрак атмосфера
  • адам коооп
  • кызметкерлерды куту быраз уакыт алады
  • загородом
Added: 30.10.2026 06:48
Статус отзыва: Correct review - Affects the hotel's rating 1 994 characters in the review
Не доверяю
автору
Не доверяю автору

Комментарии к отзыву (0)

Чтобы добавить комментарий, необходимо авторизоваться
All reviews of the hotel (76) Previous rate Next rate All author's reviews (5)
Рахила Аманбай
Kazakhstan
Aktau
Не проверенный аккаунт
Турист
Sign up: 10.10.2026
  • Countries, cities: 0 / 1
  • Hotels: 0
  • Reviews: 5
  • Photos, videos:
  • Comments: 0
  • Readership: 28